ТДМ 2 · Аштықты жою
AIU-дың мақсатқа жетуге қосқан үлесі
AIU азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және білім беру арқылы ТДМ 2-ні іске асырады. «Жас ғалым» жобасы аясында студенттер аграрлық ресурстарды талдауға және жерді ұтымды пайдалану мәселелерін зерттеуге қатысады. Университет экологиялық жәрмеңкелер ұйымдастырып, егіншілік пен биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған жобаларды қолдайды.
