
AIU-да «ИНКОМ» компаниясының инновациялық технологиялары таныстырылды
Астана халықаралық университеті Томск облысының ғылыми-білім беру кешенімен 10 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді. Соның бірі –«ИНКОМ» ЖШҚ шағын технологиялық компаниясы. 2026 жылғы 15–16 қазанда Астана халықаралық университетінде «ИНКОМ» ЖШҚ-ның ақпараттық-талдамалық жүйелерді, мониторинг, хабарлау және диспетчерлік басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендерді таныстыру жиыны өтті





