
Астана Халықаралық университеті Югра мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Шілденің 3-і күні Астана Халықаралық университетіне Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск қаласында орналасқан Югра мемлекеттік университетінің делегациясы келді. Шетелдік оқу орнының ресми өкілдерінің қатарында университет ректоры және биология ғылымдарының кандидаты Роман Кучин, Жоғары экология мектебінің жетекшісі Татьяна Антофеева болды. Сапар барысында қонақтар университеттің материалдық-техник





