ЭЖМ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА МЕКТЕБІНІҢ ЭКО-ЖОБАЛАРЫ: ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

2025 ж. 20 мау., жм, 12:25

Экономика жоғары мектебі жанындағы Жасыл экономика мектебі аясында тұрақты даму, климаттық жауапкершілік және жасыл кәсіпкерлік идеяларын ілгерілетуге бағытталған маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Оқу жылы ішінде келесі іс-шаралар өткізілді:

🔹 Жасыл экономика мектебі аясындағы эко-жобалар. PhD, қауымдастырылған профессор Байбаш Г.К. жетекшілігімен студенттердің экологиялық сана мен жобалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалары табысты жүзеге асырылды.

🔹 «Өз ойының» интеллектуалдық викторинасы – Жасыл экономика бойынша. Экономика апталығы аясында 3 және 4 курс студенттері арасында өткен интеллектуалдық ойын Лесбаева Г.Т. ұйымдастыруымен өтті. Бұл шара студенттердің экологиялық экономика саласындағы білімін тереңдетуге ықпал етті.

🔹 Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы: «Климаттық өзгерістер жағдайындағы жасыл экономика: сын-қатерлер мен перспективалар». Профессор Лесбаева Г.Т. және Байбаш Г.К. жетекшілігімен өткен беделді байқауға түрлі елдерден студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Байқау жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге арналған идеялар мен ғылыми тәсілдерді талқылау алаңына айналды.

🔹 Халықаралық ғылыми жобалар байқауы: “Жасыл көкжиектер: экономика және кәсіпкерліктегі жастардың ғылыми бастамалары”. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті мен И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен серіктестік аясында жас зерттеушілер жасыл бизнес пен тұрақты даму саласындағы инновациялық шешімдерін ұсынған халықаралық байқау өткізілді.

🔹 Жасыл экономика мектебі басшыларының біліктілігін арттыру. Профессор, э.ғ.д. Лесбаева Г.Т. және PhD, қауымдастырылған профессор Байбаш Г.К. жасыл экономика, климаттық трансформация және тұрақты даму мәселелерін қамтитын біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтады. Бұл оқу бағдарламасы өткізілген іс-шаралардың әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейін айтарлықтай арттырды.

🔹 Қоршаған ортаны қорғаудың инновациялық технологиялары бойынша семинар. Экономика жоғары мектебі студенттеріне арналған оқу тәжірибесі аясында Лесбаева Г.Т. ұйымдастырған семинарда қоршаған ортаны қорғауда қолданылатын заманауи әдістер мен технологиялар қарастырылды.

Өткізілген іс-шаралар ЭЖМ студенттері мен оқытушыларының жасыл күн тәртібіне деген жоғары қызығушылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экологиялық жауапты бизнес пен мемлекеттік басқару саласындағы болашақ көшбасшылар үшін маңызды құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

 


132