СЕРІКТЕС ЖОО СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ «ЖАСЫЛ КӨКЖИЕКТЕР: ЭКОНОМИКА МЕН КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ БАСТАМАЛАРЫ»

2025 ж. 20 мау., жм, 12:27

Экономика жоғары мектебі жанындағы Жасыл экономика мектебі, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті және Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті арасындағы ынтымақтастық аясында «Жасыл көкжиектер: экономика және кәсіпкерлік саласындағы жастардың ғылыми бастамалары» тақырыбында онлайн Халықаралық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсатыстуденттердің жасыл экономика, тұрақты даму және экологиялық бағыттағы кәсіпкерлік салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу бастамаларын қолдау және ілгерілету. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша жобаларын ұсынды: экологиялық кәсіпкерлік, ресурстарды үнемдеу, климаттық инновациялар, тұрақты өндіріс пен тұтыну. Байқау ғылыми пікір алмасу, инновациялық идеялармен бөлісу және өзекті шешімдерді ұсыну алаңына айналды. Байқауды ұйымдастырушылар: э.ғ.д., профессор Лесбаева Г.Т. және PhD, қауымдастырылған профессор Байбаш Г.К. Мұндай іс-шаралар студенттердің тұрақты экологиялық құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етіп, экономика мен кәсіпкерлік салаларында жасыл ойлау жүйесін дамытуға жол ашады. Марапаттау құжаттарын жүктеу сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1qQmdbyzTenf6DVFHo0w3ri6fConPCc1l?usp=sharing


118