2025 жылдың 20 маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті базасында Тынықулова Әсемгүл Сергужаевнаның «Жер ресурстарын
оңтайлы пайдаланудың ақпараттық жүйесі (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
мысалында)» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін жазылған
диссертациялық жұмысының қорғалуы өтті. Оқу бағдарламасы: «8D06103 – Ақпараттық
жүйелер».
Отандық ғылыми кеңесші – Мұханова Аягөз Асанбекқызы, философия докторы
(PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер»
кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Шетелдік ғылыми кеңесші – Фаддеенков Андрей Владимирович, техника
ғылымдарының кандидаты, Н.М. Федоровский атындағы Заполяр мемлекеттік
университетінің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының доценті
(Норильск қ., Ресей Федерациясы).
Жұмыста агроэкологиялық, топырақ-климаттық және кеңістіктік деректерді талдау
арқылы егін өнімділігін дәл болжауға және ауыл шаруашылық жерлерін басқаруда
негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін машиналық оқыту алгоритмдеріне
(Random Forest, XGBoost, CatBoost) негізделген тәсіл жүзеге асырылды. Зерттеу
қолданбалы бағыттылығы, ғылыми жаңашылдығы және жоғары практикалық
маңыздылығымен ерекшеленеді.