АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ЭЖМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ КЕҢЕЙТІП КЕЛЕДІ

2025 ж. 21 мау., сб, 04:38

2024–2025 оқу жылында Астана Халықаралық университетінің Экономика жоғары

мектебінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында табысты түрде

шетелдік серіктес университеттерде білім алды. Академиялық ұтқырлық шеңберінде

Айтуар Болат пен Динара Қабаева (Адам Мицкевич атындағы университет, Познань қ.,

Польша), Дамель Магзаева, Махаббат Телюбаева, Нұрила Сембай, Анастасия Адамович,

Жасмин Муратханова және Дария Барбасова (барлығы — Ресей, Мәскеу қ., Ұлттық

зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі») білім алып, кәсіби білім көкжиектерін

кеңейтуге мүмкіндік алды.

Бағдарлама оқытушы-профессорлар құрамын да қамтыды. Экономика жоғары мектебіне

Ресей мен Қытайдың жетекші ғалымдары шақырылды. Атап айтқанда, Томск мемлекеттік

университетінен келген профессор Недоспасова Ольга Павловна ұйымдық мінез-құлық

және персоналды басқару бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, студенттер мен

магистранттар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Ал профессор Краковецкая

Инна Валентиновна (Томск мемлекеттік университеті) стратегиялық менеджмент және

маркетинг бойынша тәжірибеге бағытталған мазмұнмен қаныққан курс ұсынып,

тыңдаушылардың үлкен алғысына бөленді. PhD Акниязов Т.Ж. «Халықаралық бизнес»

бағдарламасының студенттері үшін көшбасшылық пен креативті ойлау бойынша курс

өткізді. Қос ғалымның жұмысы университет қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды.

Шығыс ұтқырлық аясында Экономика жоғары мектебінің деканы, PhD, профессор


Смагулова Зубираш Қалыбекқызы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы

университетіне шақыртылған профессор ретінде дәріс оқыды. Мұндай алмасулар

халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім беру сапасын арттыруға және

университеттің халықаралық беделін көтеруге ықпал етеді. ЭЖМ академиялық

ұтқырлықты университеттің стратегиялық даму бағыты ретінде жүйелі түрде жүзеге

асыруда.


80