Педагогикалық
институттың «Химия» білім беру бағдарламасының магистранты Рамазан Жұлдызай
Рамазанқызы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында II дәрежелі
диплом иегері атанды.
Бұл жетістік – оның табандылығының, білімге деген құштарлығының және ғылымға
адалдығының нәтижесі.
Ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, профессор Мусабаева Б.Х.
көрсеткен қолдауы мен жетекшілігі үшін алғыс білдіреміз.Сонымен
қатар, «Математика» білім беру бағдарламасының магистранты Альманова Балнур
Кулболовна «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық
байқауда» III орын иеленді.
Бұл жетістік оның жауапкершілігі мен табандылығының, ғылыми көзқарасының
дәлелі.Ғылыми жетекшісі – Нурахметов Даулет Багдатовичке кәсіби қолдауы мен көмегі
үшін алғысымызды білдіреміз. Магистранттарымызды
және олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Ғылым жолында жаңа табыстар тілейміз!
177