Astana International University және Бейжің тіл және мәдениет университеті (BLCU) Астанадағы (AIU базасында) BLCU филиалында магистратураны іске қосу туралы келісімге қол қойды

2025 ж. 4 қыр., бс, 13:04

2025 жылғы 2 қыркүйекте Астана Халықаралық университетінің делегациясы ресми сапармен Бейжіңге барды. Сапар аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU) басшылығымен кездесу өтті.

Осы күндері Бейжіңде өткен «Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесі» алаңында, Қазақстан Республикасы Білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен, AIU Президенті Серік Азтайұлы мен BLCU Президенті Дуань Пэн Астанадағы (AIU базасында) BLCU филиалында магистрлік бағдарламаларды іске қосу туралы  келісімге қол қойды.

Келісімде екі магистрлік білім беру бағдарламасын ашу көзделген:

  • «International Chinese Language Education»;
  • «International Affairs».

Astana International University және Бейжің Тіл және мәдениет университеті Астанадағы BLCU филиалында (AIU базасында) магистратураны іске қосу туралы қосымша келісімге қол қойды.

2025 жылғы 2 қыркүйекте Астана Халықаралық университетінің делегациясы Бейжіңге ресми сапармен келді. Сапар аясында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің (BLCU) басшылығымен кездесу өтті.

Осы күндері Бейжіңде өткен «Қазақстан – Қытай Іскерлік кеңесінің» алаңында және Қазақстан Республикасының Білім министрі Саясат Нұрбек, AIU Президенті  Серік Ирсалиев пен BLCU Президенті - Дуан Пэннің қатысуымен Астанадағы BLCU филиалында (AIU базасында) магистрлік бағдарламаларды іске қосу туралы қосымша келісімге қол қойды.

Келісімде екі магистрлік білім беру бағдарламасын ашу көзделген:

•        «International Chinese Language Education»,(Халықаралық Қытай Тілін Оқыту)

•        «International Affairs»,( Халықаралық қатынастар).

Осы бағдарламаларды іске асыру филиалда  «Foundation - бакалавриат – магистратура» кадрларды даярлаудың өтпелі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның Орталық Азияның білім беру кеңістігіндегі орнын айтарлықтай нығайтады. Қазіргі уақытта докторантура бағдарламаларын іске қосу мәселесі пысықталуда, бұл филиалға толыққанды ғылыми-білім беру орталығы мәртебесін береді.

Биылғы оқу жылында Астанадағы BLCU филиалына (AIU базасында)  Қытай тілін үйрену бағдарламалары бойынша 150 білім алушы, «International Chinese Language Education» және «International Affairs» бағыттары бойынша 80 бакалавриат студенттері қабылданды.

Бұл келісімге қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың дамуын айқындайтын маңызды кезең болып, филиалдың табысты қызметін айқын дәлелдейді.

Сонымен қатар, Бейжіңде Қазақстан–Қытай мәдени орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Астанадағы (AIU базасында) BLCU филиалының жетістіктерін жоғары бағалап, оның екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

AIU Президенті Серік Ирсалиев  Азтайұлы,
«Қол қойылған келісім Бейжің тіл және мәдениет университетімен стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін ашады. Магистратура мен докторантура бағдарламаларын дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосатынына сенімдімін»- деді.

 


112