Қазақстан
Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасымен 2025 жылдың
29 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Astana International University-де Жасанды
интеллект апталығы өтуде.
Экономика
жоғары мектебі сіздерді «Экономикадағы ЖИ: цифрландырудың құқықтық, әлеуметтік және этикалық
сын-қатерлері» атты дөңгелек үстелге шақырады. Іс-шара 2025
жылдың 29 қыркүйегінде сағат 11:00-де өтеді.
Дөңгелек
үстел аясында келесі спикерлер сөз сөйлейді: жасанды интеллектіні
дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары – Төлебаева А., T саласының
маманы, кәсіпкер – Ирсалиева Л.С., «Telse» ЖШС IT компаниясының директоры – Есжанов
А.Д., сондай-ақ студенттер мен өзге де қонақтар.
Бүгінде
жасанды интеллект – технологиялық прогресс пен экономикалық дамудың негізгі
қозғаушы күштерінің бірі. Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім және тәжірибе алмасу,
цифрландырудың құқықтық, әлеуметтік және этикалық аспектілерін талқылау,
жасанды интеллект экожүйесін қарастыру, бизнестегі ЖИ рөлі, стартаптар үшін
жаңа мүмкіндіктер ашу және т.б.
Сіздерді
келесі мекенжай бойынша күтеміз: Астана қ., Қабанбай батыр көшесі, 8-үй,
конференц-зал (207).