Астана Халықаралық университеті «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбілік өткізді

2025 ж. 11 қаз., сб, 06:20

2025 жылғы 11 қазан күні Астана Халықаралық университеті «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясындағы кең ауқымды сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысып, оқу орнына тиесілі аумақты тазалау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесе еңбек етті.


   Сенбілік барысында студенттер табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын нақты әрекеттерімен көрсетті. Олар университет аумағында экологиялық тәртіпті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға күш салды.

Сонымен қатар, бұл шара студенттер мен оқытушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, командалық рухтың артуына ықпал етті. Сенбілік тек тазалықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге экологиялық білім мен сана-сезімді арттыруға, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды.


376