2025 жылғы 6–10
қазан аралығында Торайғыров университетінің базасында өткен «Eurasian Climate
Talks» жазғы мектебіне Астана Халықаралық университетінің (АХУ) Жаратылыстану
ғылымдарының жоғары мектебінің студенттері белсенді түрде қатысып, жоғары
нәтижелерге қол жеткізді.
Аталған іс-шара
климат, экология және тұрақты даму бағыттарындағы өзекті мәселелерді
талқылауға, студенттік ғылыми жобаларды таныстыруға және халықаралық
сарапшылармен тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң.
Жаратылыстану
ғылымдарының жоғары мектебінің студенттері байқауда өз білімдері мен ғылыми
әлеуетін сәтті көрсетіп, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- Тоқтағазина
Нұрай – ІІ орын (жетекшісі – Жумагул Молдир Жакыпжановна);
- Жұмахан
Ару – ІІ орын (жетекшісі – Сыздыкова Айлина Бауржановна);
- Нурбекова
Ақерке – қатысу сертификатының иегері (жетекшісі – Жумагул Молдир
Жакыпжановна).
Жазғы мектеп
барысында қатысушылар өздерінің экологиялық және климаттық бастамаларына
арналған инновациялық жобаларын баннер түрінде таныстырып, тұрақты даму
саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарын ұсынды.
Астана
Халықаралық университеті студенттерінің бұл жетістігі олардың кәсіби және
ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін, сондай-ақ экологиялық мәдениетті
қалыптастыруға деген белсенді ұмтылысын көрсетеді.