AIU «From Sample to Sequence: Discover the Power of Oxford Nanopore Technologies» конференциясына қатысты

2025 ж. 28 қаз., сс, 04:54

2025 жылғы 21–22 қазан күндері Алматы қаласындағы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында TechPrime компаниясы мен Oxford Nanopore Technologies бірлесіп ұйымдастырған «From Sample to Sequence: Discover the Power of Oxford Nanopore Technologies» атты тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Астана халықаралық университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Айдын Оразов Ерғалиұлы қатысты.

Конференция қатысушылары нанопоралық секвенирлеудің заманауи технологияларымен, adaptive sampling әдісімен, сондай-ақ өсімдіктер, жануарлар және микробтық қауымдастықтардың геномдарын зерттеу тәсілдерімен танысты. Ерекше назар PromethION сериясындағы құрылғылармен жұмыс істеуге және EPI2ME (Bioinformatics) платформасында деректерді талдау бойынша өткізілген тәжірибелік шеберлік сабақтарына аударылды.Сонымен қатар, іс-шара барысында GenDx, Omixon және Asuragen компанияларының HLA-типтеу мен тұқым қуалайтын ауруларды генетикалық тестілеуге арналған шешімдері таныстырылды.

Бұл конференция биологиялық және ауыл шаруашылық зерттеулерінде нанопоралық технологияларды қолданудың болашағын талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған тамаша алаң болды.

Айдын Оразов Ерғалиұлы TechPrime компаниясына шақырғаны және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.


259