Бүгін Астана халықаралық университетінің Президенті
Ирсалиев Серік Азтайұлы 25 қазан - Республика күніне орай ҚР Мәдениет және
ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның бұйрығымен Өнер және гуманитарлық
ғылымдар жоғары мектебі деканның орынбасары Дауменова Элла Талгатовна және архитектура кандидаты, қауымдастырылған
професссор Киселева Татьяна Александровнаны «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
Aстана халықаралық университеті марапат иелерін шын
жүректен құттықтайды. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен еңбектеріңіз ел
мәдениеті мен білім беру саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Алдағы
уақытта да шығармашылық ізденістеріңіз бен ғылыми еңбектеріңіз табысты болып,
жаңа жетістіктер мен биік белестерге жете берулеріңізге тілектеспіз!


