ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДОКТОРАНТТАРЫНЫҢ ТОМСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

2025 ж. 29 қаз., ср, 11:09

2025 жылдың 20 қазанынан 22 қарашасына дейін Экономика жоғары мектебінің докторанттары — Батай Мария (БББ 8D04104 «Менеджмент») және Мұқанова Ардақ (БББ 8D04101 «Өнеркәсіп экономикасы») Ресей Федерациясының Томск қаласындағы мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – ғылыми құзыреттерді тереңдету, академиялық көкжиекті кеңейту және зерттеу дағдыларын дамыту. Тағылымдама барысында докторанттар өздерінің диссертациялық зерттеулерімен айналысып, ғалымдармен тәжірибе алмасады және ғылыми талдау мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, тағылымдаманың маңызды міндеттерінің бірі – университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру болып табылады.


79