2023-2025 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық
қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан АР19678852 «Университеттің
академиялық дербестігі жағдайында „Педагогикалық ғылымдар“ бағыты студенттері
мен түлектерінде үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) құзыреттерін қалыптастыру» ғылыми
жобасы шеңберінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
базасында Workshop-форум өтті.
Іс-шараға Астана
халықаралық университетінің оқытушылары - профессор Баубекова Г.Д. және Власова
Н.В. белсенді қатысты.
Форум барысында болашақ
педагогтардың құзыреттерін дамыту бағыттары, үздіксіз кәсіби өсу тетіктері,
өзін-өзі дамыту және академиялық дербестік мәселелері талқыланды.
AIU өкілдерінің қатысуы
педагогикалық әлеуетті дамытуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік тәсілдерді
жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы
ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.


