22–25 қазан аралығында Астана қаласы әкімдігі мен Суретшілер одағы
ұйымдастырған «ӨзЖерім: Urban Nomads» республикалық симпозиумы ÓzgeEpic
Creative Hub арт-кеңістігінде өтті. Іс-шараға «Графикалық дизайн», «WEB-дизайн»,
«Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері мен «Дизайн»
мамандығының 1-курс магистранттары қатысты.
Симпозиум бағдарламасына Қазақстанның сегіз аймағынан келген жиырма
суретшінің шығармашылық сессиялары, дәрістері мен шеберлік сабақтары енді.
Қатысушылар урбанизм, тұлғалық бірегейлік және кеңістікті түрлендіру
тақырыптарын зерттеді.
Студенттер мен магистранттар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде
болып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерболат
Төлепбайдың көрмесіне арналған экскурсияға қатысты. Экскурсияны еліміздің
танымал өнертанушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Камилла
Витальевна Ли жүргізді.
Симпозиумның қорытындысы ретінде 40 жұмыс пен бір үлкен эксперименттік
кенептен тұратын көрме өтті.
Сонымен қатар, «WEB-дизайн» және «Архитектуралық дизайн»
мамандығының студенттері ÓzgeEpic Creative Hub кеңістігін өз бетімен
аралап, қазақстандық заманауи өнердің жаңа үрдістерімен танысты. Аға профессор Т.А. Киселева, доцент
Г.Н. Поваляшко



