2025 жылғы 30 қазанда Astana International University
(AIU) және бұлтты есептеулер мен үлкен деректер саласындағы әлемдік жетекші
компаниялардың бірі - Inspur Group арасында кездесу өтті.
Анықтама үшін:
Inspur Group үш жария компанияны біріктіреді және бұлттық технологиялар,
жасанды интеллект және цифрлық трансформация салаларында жетекші жобаларды
жүзеге асырады. Компания Қытай, Сауд Арабиясы, Малайзия, Бразилия және Еуропа
елдерінде ауқымды цифрлық бастамаларды табысты іске асырып, 350 миллионнан
астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.
Кездесу
барысында қытайлық компания Орталық Азия жоғары
оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту
жөніндегі бастамасын таныстырды. Тараптар Қазақстанда жасанды интеллект бойынша жоғары
білікті мамандар даярлауға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және инновациялық
технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған кешенді экожүйе қалыптастыру
перспективаларын талқылады.
Ынтымақтастықтың
негізгі бағыттары:
- жасанды
интеллект саласындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу;
- AIU базасында
зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарын құру;
- NLP,
компьютерлік көру, ірі модельдер және басқа да салалар бойынша ғылыми
жобаларды жүзеге асыру;
- технологияларды
көрсету алаңын қалыптастыру үшін AIU кампусы инфрақұрылымына AI шешімдерін
енгізу керектігін атап өтті.
