AIU студенті Мемлекет басшысымен кездесті

2025 ж. 31 қаз., жм, 11:28

Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосуда. Атап айтқанда, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары.

Astana International University  форумға белсенді қатысып, UIBE қос диплом бағдарламасы, Халықаралық бизнес факультетінің 3-курс студенті Баклага Маргарита белсенділік танытты.

Форумда Президент шетелдік студенттермен еркін пікір алмасып, Қазақстанда білім алып жатқан жастардың тәжірибесін тыңдап, олардың таңдаған жолына сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. Мемлекет басшысы бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 100 мыңға дейін өсіру міндетін қойды. Бұл бастама еліміздің халықаралық білім беру  жолындағы жаңа серпінді қадам болмақ.


437