2025 жылдың 30 қазанында Астана халықаралық
университетінің Педагогикалық институты «Биология» білім беру бағдарламасының
даму жоспарына сәйкес «Оқу мен оқытудағы бағалаудың рөлі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты - педагогикалық тәжірибеден өтетін жоғары курс студенттерінің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру болды.
Өзінің білімі мен сабақ жоспарларын құрастырудағы
практикалық тәжірибесімен №70 мектеп-гимназиясының шебер-ұстазы, «Жылдың үздік
педагогы – 2016» атағының иегері және Ы.Алтынсарин медалінің иегері Сағатбекова
Серікқайша Қабылғазынқызы бөлісті.
Болашақ мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың 10 балдық
шкаласының ерекшеліктерімен танысып, тапсырмалар орындады, ал өзара және
өзін-өзі бағалау құралдарын пайдалана отырып, критерийлер мен дескрипторларға
сүйеніп, бір-біріне кері байланыс берді. Осы арқылы олар оқушылардың
жетістіктерін бағалау және қысқамерзімді сабақ жоспарын құрастыру дағдыларын
шыңдады. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің бағалау тәжірибесін терең
талдаудан өткізе білді.
Іс-шара студенттеріміздің педагогикалық шеберлігін
арттыруға ықпал етті. Бұған шебер-ұстаз құрған орта мен барлық қатысушылардың
жоғары деңгейдегі кері байланысы дәлел болды.
Серікқайша Қабылғазынқызына шынайы алғысымызды
білдіреміз және алдағы уақытта әдістемелік ынтымақтастығымыздың табысты жалғасатынына
сенім білдіреміз!

