Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Astana International University базасында BLCU (Beijing Language and culture university) филиалының ашылуы елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және зияткерлік көпірлерді қалыптастыруға ықпал ете отырып, жоғары дәрежеде жемісті қазақ-қытай ынтымақтастығының тағы бір айқын бейнесі болғанын атап өтті.
Өз кезегінде Дуан Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып, магистратура және ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде Astana International University-мен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Сондай-ақ, кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, ғылыми-білім беру саласындағы өзара іс-қимыл, білікті лингвист-қытайтанушыларды даярлау мәселелері талқыланды.
Анықтама:
2024 жылдың шілдесінде ашылған BLCU филиалы жұмыс барысында Foundation тіл курсының 85 түлегін сәтті шығарды. Қазіргі уақытта онда 240 студент - қытай тілінің болашақ оқытушылары мен аудармашылары оқиды.
Болашақта магистратура бағдарламаларын іске қосу жоспарлануда, бұл академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

