13–17 сәуір аралығында «Әлем біздің алақанда» тақырыбында география апталығы өтті.












Апталықтың мақсаты – студенттердің география пәніне деген қызығушылығын арттыру,
білімдерін тереңдету және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Апталық барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
13 сәуір – апталықтың ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар қайырымдылық жәрмеңкесі
ұйымдастырылды.
14 сәуір – АІU студенттері арасында география пәні бойынша білімін тексеруге арналған
танымдық сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
15 сәуір – «Қазақтың Қанышы» атты Медеу Сәрсеке шығармасына негізделген дөңгелек
үстел ұйымдастырылды. Сол күні студенттер арасында GEO QUEST зияткерлік ойыны
өтті.
16 сәуір – студенттер арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.
17 сәуір – апталықтың жабылу салтанаты өтіп, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар
марапатталды.
Апталық аясында өткізілген іс-шаралар студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, пәнге
деген қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея






