Astana International University жаһандық GBIF желісіне қосылды: ғылымымыздың халықаралық мойындалуындағы жаңа кезең

Astana International University (AIU) ғылыми өмірінде маңызды оқиға орын алды. Атқарылған белсенді жұмыстың нәтижесінде AIU ресми түрде GBIF (Global Biodiversity Information Facility) халықаралық платформасына — биоалуантүрлілік жөніндеге деректермен алмасатын әлемдегі ең ірі желіге қосылды.
Бұл жетістік AIU-дың Ашық ғылым, цифрландыру және тұрақты даму қағидаттарына берік ұстанымын айқындай отырып, университеттің халықаралық ғылыми кеңістіктегі орнын нығайта түседі. Енді ғалымдарымыздың ғылыми деректері мен коллекциялары халықаралық қауымдастыққа қолжетімді болып, кең ауқымды ынтымақтастық пен биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жаһандық бастамаларға қатысуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінде университет заманауи халықаралық білім және ғылым орталығы ретінде қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарда Қазақстан флорасын зерттеу мен биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерімен айналысатын «NatureLaB» зерттеу зертханасының орны ерекше. Сонымен қатар AIU Гербарийі халықаралық беделді «Index Herbariorum» деректер базасына AIU акронимімен ресми түрде енгізілді.
Гербарий үлгілері мен далалық зерттеулер нәтижелері сирек, жойылып бара жатқан және шаруашылық маңызы бар өсімдік түрлері, олардың географиялық таралуы мен популяцияларының жағдайы туралы аса құнды ақпаратты қамтиды. Бұл деректердің GBIF платформасы арқылы жариялануы Қазақстанның өсімдіктер әлемі туралы мәліметтердің ашық қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны мониторингілеуге, болашақ ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамытуға маңызды негіз болады.
Бөлісу:



