ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА АРНАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ





















2026 жылдың 8 сәуірінде "Экономика" білім беру бағдарламасы апталығы аясында танымдық кездесу өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р. А. Ерниязов студенттермен бірге "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да болып, оларды жылы қарсы алды.
Кездесу барысында білім алушылар экономикалық зерттеулердің заманауи бағыттары туралы құнды білім алды, аналитикалық жұмыстың тәжірибелік аспектілерімен танысты және теориялық тәсілдердің нақты қызметте қалай жүзеге асырылатынын көрді. Сарапшылардың пікірлерін тыңдау және қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды.
Мұндай іс — шаралар Орнықты даму мақсатына қол жеткізудің маңыздылығын тікелей көрсетеді 8 - ОДМ "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу", болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ 17-ОДМ - "Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік", білім беру мекемесі мен зерттеу ұйымы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады.
Астана Халықаралық университетінің студенттері үшін мұндай кездесулер маңызды рөл атқарады: олар болашақ мамандықты жақсы түсінуге, ой-өрісін кеңейтуге және одан әрі дамуға ынталандыруға көмектеседі.
Бөлісу:
Фотогалерея









