AIU-да Арын Орсариевпен кездесу өтті
























8 қазанда Астана халықаралық университетінде саясаттану ғылымдарының докторы, «Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар Альянсы» қоғамдық бірлестінінің Басқарма төрағасы Арын Орсариевпен кездесу өтті. Іс-шара барысында сарапшы Қазақстанда Startup Nation бастамасын қалыптастыру тақырыбындағы презентациясын таныстырды.
Кездесуде технологиялар мен инновациялар және жасанды интеллектінің қоғамның дамуына әсері талқыланды, сондай-ақ болашақ мамандарға қажетті дағдылар сөз болды. Арын Орсариев жаңа технологиялардың жекелеген мамандықтарға ғана емес, тұтас салаларға ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, университет білім берумен шектелмей, ғылыми идеяларды стартапқа айналдыратын орта қалыптастыруы қажет.
Кездесу қатысушыларға ғылыми зерттеулерді нарыққа шығару мен университеттегі жаңа жобаларды қолдаудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ білім алушылардың жұмыс іздеуші емес, жұмыс беруші ретінде қалыптасуына жағдай жасау керегін айтылды.
Іс-шара соңында қатысушылар университет базасында технологиялық мүмкіндіктерді дамыту және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша пікір алмасты.
Бөлісу:
Фотогалерея










