AIU-да Ерсұлтан Ермановтың қонақ дәрісі өтті



























18 қараша күні Астана халықаралық университетінде TrustExam.ai компаниясының бас директоры әрі тең құрылтайшысы Ерсұлтан Ермановтың «Студент кезімде білгім келген дүниелер» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шараға Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің 2–4-курс студенттері қатысты.
Ерсұлтан Ерманов бұған дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің IT саласын дамыту департаментін басқарған. Ол StartX және Draper University сынды халықаралық бағдарламалардың қатысушысы. Спикер негізін қалаған TrustExam.ai жобасы Astana Hub Battle 2025 байқауында «Exponential Growth» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Қонақ дәрісінің мақсаты – білім алушыларға IT-жоба әзірлеу, стартапты дамыту, халықаралық бағдарламаларға қатысу және технологиялық кәсіпкерлік саласында мансап жолын қалыптастыру жөнінде пайдалы ақпарат беру.
Кездесу барысында спикер кәсіби дамудың жолдары, халықаралық бағдарламалардан алған тәжірибесі мен технологиялық стартап құрудың негізгі кезеңдері туралы баяндады. Сонымен қатар студенттерге кәсіпкерлік ойлау, үздіксіз білім алу, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану және заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамыту жөнінде кеңес берді.
Бөлісу:
Фотогалерея











