AIU-да белгілі британдық тілші Риз Хан мырзамен кездесу өтті






























Астана халықаралық университетінде белгілі британдық журналист, тележүргізуші және халықаралық тілші Риз Хан мырзамен кездесу өтті. Ол - BBC World Service Television News жаңалықтар қызметінің алғашқы жүргізушілерінің бірі.
Риз Хан мырза кәсіби жолында BBC, CNN International және Al Jazeera English телеарналарында жұмыс істеп, халықаралық медиажобалардың дамуына үлес қосқан. CNN International арнасындағы «Q&A with Riz Khan» авторлық бағдарламасы аясында 1 500-ден астам сұхбатты жүргізді. Оның сұхбаттасушыларының қатарында Джимми Картер, Билл Клинтон, Нельсон Мандела, Михаил Горбачев, XIV Далай-лама, Кофи Аннан, Стивен Хокинг және әлемдік саясат, ғылым, мәдениет пен бизнес саласының көрнекті өкілдері бар.
Сапар барысында Риз Хан және оның продюсері Нил Карри AIU-дың Бақылау кеңесі өкілдерімен кездесті. Тараптар ынтымақтастық бағыттарын, Қазақстанның халықаралық туризмі мен креативті индустриясын талқылады.
Кездесуде жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның мәдени және зияткерлік мұрасын халықаралық деңгейде танытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар шетелдік серіктестердің қатысуымен жаңа ақпараттық және білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар Риз Хан мырза университет студенттерімен кездесіп, өзінің кәсіби тәжірибесін бөлісті. Ол білім алушыларға оқуда табыс тілеп, сапалы білім мен әлемдік тәжірибеге ұмтылудың маңызын атап өтті.
Бөлісу:
Фотогалерея












