🎉 AIU Fest-2025: Университетімізге 7жыл🎉

2025 ж. 2 мам., жм, 09:32

Жеті жыл — бұл білім мен жаңашылдықтың, армандар мен табыстардың айғағы.


AIU — тек оқу орны ғана емес, бұл — үлкен отбасы, болашаққа жол ашатын кемел білім ордасы.


29 сәуір күні «Жастар сарайында» Astana International University ұйымдастырған ең жарқын және көптен күткен оқиғалардың бірі — AIU Fest-2025 өтті!


Кеш студенттердің шығармашылығын, спорттық жетістіктерін және оқу жылы бойындағы белсенділігін атап өтуге арналды. Фестиваль барысында университеттің түрлі ұйымдары, театр және би ұжымдары, музыкалық топтары өнер көрсетті. Кешті жарқын әсерге бөлеген мюзикл, ұлттық билер, хор және заманауи би номерлері көрермендерді тәнті етті.


🔹 Салтанатты шараға арнайы қонақтар мен университет басшылығы қатысты.

🔹 Университет жайлы әсерлі бейнероликтер мен қойылымдар ұсынылды.


🔹 Фестиваль аясында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды:

* Үздік куратор

* Үздік студент

* Үздік спортшы

* Үздік мобилограф

* Үздік студенттік ұйым


🎤 Кештің шарықтау шегі — эстрада жұлдызы Жандос Қаржаубайдың арнайы өнер көрсетуі болды.


🌟 ✨ Университеттің 7 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл кеш AIU тарихындағы ерекше белеске айналды.


85