ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ «ЕҢБЕККЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК: ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ НАРЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ»: ТДМ «ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ»

2025 ж. 4 мам., жс, 07:15

2025 жылғы 25 сәуірде AIU-2025 халықаралық конференциясы аясында «Еңбекке қолжетімділік: жаһандық трендтер және Қазақстандағы инклюзивті нарық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл тақырып Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты және лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, ғалымдар мен практиктерді біріктіре отырып, әлеуметтік осал топтардың жұмыспен қамтылуына кедергілерді талқылау және шешу жолдарын іздеу. Іс-шарада еңбек нарығын бейімдеу, заңнамалық бастамалар, еңбек мобильділігі және Швеция, Оңтүстік Корея, АҚШ пен БАӘ елдерінің Қазақстанда қолдануға болатын халықаралық тәжірибелері қаралды.

Арнайы назар әлеуметтік осал топтарды жұмысқа орналастыру әдістемесін әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеудің аралық қорытындыларына аударылды. Шара қонақтары: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ертаев А.М., Мәжіліс депутаты Наумова Д.Р., «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Каринова Ш.Т. және Еңбек мобильділігі орталығының директоры Омар О.Қ.

Модератор — әлеуметтік кәсіпкер, Social Enterprise Hub негізін қалаушы Эмин Аскеров. Баяндамашылар: PhD Сауле Окутаева, ЭЖМ деканы Зубираш Смагулова және магистр Даяна Қабдыкешова.

Ашық пікірталас жаңа бастамалар мен саларалық диалогты дамытуға негіз қалады.


61