2025 жылдың
17–18 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің Жаратылыстану және география факультетінде «6В012 – Химия пәні
мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын студенттер
арасында өткен XVII Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері бойынша:
1. Астана Халықаралық университеті (AIU) 18 ЖОО арасында 2-орын (II
дәрежелі диплом) иеленді. Команда құрамында – Моисеенко Амадей Владимирович (2
курс) және Каиров Нурлан Мурадович (4 курс).
2. Каиров Нурлан Мурадович 36 қатысушының ішінен жеке біріншілікте 2-орын
(II дәрежелі диплом) иеленіп, күміс медальмен марапатталды.
Қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
2022–2025
жылдар аралығындағы нәтижелерді саралай келе, келесі қорытынды жасауға болады:
AIU-дың химиктер командасы осы кезеңде әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға 5 рет
қатысып, жүлделі орындарға ие болып, университет қоржынына 7 медаль әкелді:
- 3 рет Республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанып, жыл сайын
қатарынан 2 командалық және 2 жеке орын алып, 3 күміс медаль жеңіп алды!
- 2 рет Халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанып, 2 күміс және 2
қола медаль жеңіп алды!
Атап
айтқанда, Республикалық пәндік олимпиадалардың үш мәрте күміс жүлдегері,
Ашхабад қаласындағы Махтумкули атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінде
өткен III Халықаралық студенттік химия олимпиадасының қола жүлдегері – 4 курс
студенті Каиров Нурлан Мурадович жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп келеді!
AIU
басшылығына жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу мүмкіндігі мен қолдауы үшін
алғысымызды білдіреміз.
Бағыт
жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
ПИ – Нургалиева Д.А.