AIU студенттері математика және биология пәндерінен өткен республикалық олимпиадаларда: лайықты нәтиже мен креатив үшін марапат

2025 ж. 4 мам., жс, 07:48

2025 жылдың 17–25 сәуірі аралығында әртүрлі пәндер бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадалар өтті. Бұл жарыстарда Астана Халықаралық университетінің (AIU) студенттері жоғары дайындық деңгейін, кәсіби қызығушылықты және шығармашылық әлеуетін тағы да дәлелдеді.

 

Математика пәні бойынша олимпиада: AIU – үздік командалар қатарында

Қаскелең қаласында өткен Республикалық студенттік пәндік математика олимпиадасында Қазақстанның 19 жоғары оқу орны арасынан AIU командасы 6-орын иеленді.

Команда құрамында:

  • Сафин Ақерке – 3 курс студенті,
  • Серикбеков Азамат – 1 курс студенті, жеке біріншілікте 57 қатысушының ішінен 8-орын алды,
  • Алиплованов Ердаулет – 1 курс студенті.

Команда жетекшілері: Анияров А.А. және Нурахметов Д.Б.

Біз студенттерді лайықты нәтижемен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!

 

Биология пәні бойынша олимпиада: «Ең креативті команда» номинациясы

2025 жылдың 24–25 сәуірі күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өткен XVII Республикалық студенттік биология олимпиадасында AIU командасы жүлделі орын алмағанымен, «Ең креативті команда» арнайы номинациясын жеңіп алды. Бұл – студенттердің бастамашылдығы мен ерекше ойлау қабілетінің айғағы.

Команда мүшелері:

  • Мукамбаев Т.Д.
  • Морозова Ю.Е.

Команда жетекшісі: Лихобабин З.В.

Олимпиада ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

 

Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз!


70