2025
жылдың 29–30 сәуір күндері Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында еліміздегі жастар
кәсіпкерлігінің ең ірі оқиғаларының бірі — ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL CUP –
2025 байқауы өтті!
Astana
International University университетінің ENACTUS_AIU бизнес-инкубатор командасы
университет намысын жоғары деңгейде қорғап, екі бірдей инновациялық жобаны
таныстырды:
1)
SabiTrack — бала күтушілер мен
ата-аналарға арналған заманауи цифрлық сервис. Бұл шешім балалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және күтім процесіне қатысушылар арасындағы
сенімді арттыруға бағытталған. Платформа – ыңғайлылықты, сенімділікті және әр
баланың қамын ойлауды үйлестірген жүйе.
2)
Betula Organic — қайың қабығынан жасалған
табиғи күтім косметикасын өндіруге арналған экологиялық жоба. Жоба органикалық
косметология саласындағы инновациялар мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды
біріктіре отырып, тұрақты кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Байқау
қорытындысы бойынша ENACTUS_AIU командасы Early Stage лигасының Жартылай
финалист Кубогына ие болды! Бұл — университет үшін маңызды жетістік әрі үлкен
мақтаныш! Бұл жеңіс — жай ғана марапат емес, ол табандылықтың, команда
бірлігінің және идеяға деген сенімнің шынайы нәтижеге айналуының айғағы.
ENACTUS_AIU
командасы алға басуын жалғастыруда — әлемді өзгертуге қабілетті идеялармен!