2025 жылғы 24 мамырда Astana International University-дің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде авторлық құқық және оның креативті индустриядағы рөліне арналған дәріс өтті. Шақырылған спикер – зияткерлік меншік құқығы саласының сарапшысы, PhD Темирлан Төлегенов.
24 жылдық тәжірибесі бар заңгер және авторлық құқық бойынша оқытушы Темирлан Төлегенов дәріске қатысушыларға авторлық және сабақтас құқықтардың негізгі қағидаларын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндірді. Дәріс студенттер, оқытушылар мен шығармашылық кәсіп өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды.
🔹 Дәріс барысында спикер келесі мәселелерді қамтыды:
-
авторлық және сабақтас құқықтардың айырмашылығы;
-
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар;
-
лицензиялау және құқықты беру механизмдері;
-
авторлық және сабақтас құқықтарды заңды түрде тіркеу;
-
интернеттегі құқықбұзушылықтар мен open source өнімдерін пайдалану тәуекелдері;
-
Қазақстандағы авторлық құқықты қорғау ерекшеліктері;
-
авторлық қоғам мен музыкалық баспаның айырмашылығы.
Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ғылыми-білім беру мақсатында бөтен контентті қолдануға байланысты заманауи құқықтық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
📍 Іс-шара Creative Industries Alliance of Qazaqstan бастамасымен ұйымдастырылды.
AIU университеті Темирлан Төлегеновке мазмұнды дәрісі мен пайдалы мәліметтері үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, белсенді қатысып, шығармашылық құқық мәселесіне қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.