📘 AIU «Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару туралы» кітабының қазақша басылымының тұсаукесеріне қатысты

2025 ж. 30 мам., жм, 12:10

2025 жылғы 29 мамырда Астанадағы Назарбаев Университетінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Мемлекеттік басқару туралы» төрт томдық кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының ресми тұсаукесері өтті. Іс-шараға Astana International University Президенті Серік Азтаевич Ирсалиев пен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Пекин тілі және мәдениет университетінің (BLCU) Қазақстандағы филиалының өкілдері қатысты. BLCU Kazakhstan — AIU базасында жұмыс істейтін бірлескен халықаралық білім беру жобасы.

Бұл маңызды мәдени-гуманитарлық іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, ғылыми ортасы, дипломатиялық корпусы және бұқаралық ақпарат құралдарының 300-ден астам өкілі жиналды. Құрметті қонақтар қатарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі бастығының орынбасары Ху Хэпин, ҚХР Ұлт істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Го Вэй, ҚХР Шетелдік әдебиетті жариялау және тарату басқармасының директоры Ду Чжаньюань, сондай-ақ Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин болды.

📚 Кітапта Қытайдың заманауи даму стратегиясы, ішкі және сыртқы саясаты, әлеуметтік әділеттілік және тұрақты даму мәселелері қамтылған. Қазақ тіліне аударылып, жарыққа шығуы – қазақстандық және қытайлық баспалардың, соның ішінде «Фолиант» баспасы мен ҚХР Ұлттар баспасының тығыз әріптестігінің нәтижесі.

🌏 Іс-шараға AIU мен BLCU Kazakhstan-ның қатысуы білім беру мен мәдениет салаларындағы өзара байланыстарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын көрсетті. AIU Президенті Серік Ирсалиевтің айтуынша:
«Біздің миссиямыз – Қазақстан мен Қытай арасында зияткерлік көпір болу. BLCU секілді бірлескен білім беру жобалары – өзара түсіністікке, білім мен құрметке негізделген ортақ болашаққа қосқан үлесіміз».

Astana International University ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді және білім, ғылым мен гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растайды.


200