AIU тарихы

«Астана» халықаралық университеті (AIU) 2018 жылы 21 сәуірде құрылды.

 

2018 жылы 11 маусымда «Астана» халықаралық университеті білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензия алды.

 

2018 жылы 25 маусымда университет алғашқы институционалды аккредиттеуден сәтті өтті.

 

«Астана» халықаралық университеті Қазақстан астанасында жас ұрпақтың халықаралық университеттерін қоса алғандағы инновациялық зерттеу кешенін құруға бағытталған «Астана» халықаралық ғылыми кешенімен құрылған (International Science Complex «ASTANA») ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бірегей жобасы болып табылады.

 
«Астана» халықаралық ғылыми кешенінің (International Science Complex «ASTANA») базасында сәтті жүмыс істеп жатқан құрылымдар:
  • 01География және табиғатты пайдалану институты

  • 02Каспий институты

  • 03Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институты

  • 04Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік институты

  • 05М.В.Ломоносов атындағы ММУ мен «Астана» ХҒК бастапқы және ғылыми-қолданбалы зерттеу орталығы

  • 06Фудань университеті және «Астана» ХҒК Қытай мен Орталық Азияны зерттеу орталығы

 

AIU 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап биология, физика, химия, АКТ-ны ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттары бойынша ағылшын тілінде оқыту үшін 200 магистр-педагогты даярлау жұмысын бастады.

М.В.Ломоносов атындагы ММУ Қазақстандық филиалымен серіктестікте үшінші модернизация мен Қазақстанды сандық жүйеге көшіру міндеттерін есепке ала отырып, әкімшіліктің нақты сұраныстарына бейімделген жергілікті экономика, экология мен табиғатты пайдалану бойынша магистрлік бағдарламалар ұйымдастырылды.

AIU ҚР Білім және ғылым министрлігі, Сүлейман Демирел университеті, «Білім инновация лицейі», Астана қаласы гуманитарлық колледжімен бірлесіп бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие және т.б. мұғалімдерін даярлауды жоспарлап отыр.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС КОНТАКТІЛЕРІМІЗ

Қазақстан, Нур-Султан қ.,

Қабанбай батыр даң. 8

Телефон: +7 (7172) 24-04-03

info@aiu.kz

+7-(747)-675-87-86

РЕКВИЗИТ

ТОО Международный университет Астана

Счет KZ45914012203KZ009EG в ДБ АО "Сбербанк"

БИН 180440034965

БИК SABRKZKA

Кбе 17

Адрес: г. Нур-Султан,

проспект Кабанбай батыр №8

Президент: Ирсалиев Серик Азтаевич

ҚҰРАЛДАР

Әлеуметтік желілер

  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28
  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28.45