Қазақстан жоғары біліммен қамту бойынша дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық көрсеткішінде құлдырап барады (2006 ж. – 34 орын, 2017 ж. – 63 орын).

 

ЮНЕСКО статистика институтының мәліметтері бойынша шетелдік ЖОО-да оқитын қазақстандықтарың саны 1999 жылдан 2017 жыл аралығында 4,4 есеге өскен (20,2 мың адамнан 89,6 мыңға дейін). Әлемде осы кезең аралығында көрсеткіш тек 2,2 есе, ал Ресейде бар-жоғы 2,1 есе өскен. Осы ретте РФ-да ҚР-ға қарағанда, жастар саны 7 есеге артық болса да, шет елде білім алатын қазақстандық студенттер саны РФ-нан тысқары білім алып жатқан ресейлік студенттерден 32,7 мыңға артық.

 

Астана қаласында жастардың саны (15-29 жас) өсіп келе жатыр (2017 ж. – 238 мың, 2030 ж. – 560 мың адам). Жақын арадағы 6 жылдың ішінде Астана қаласындағы оқушылардың саны 105 мың адамға өсетін болады. Олар үшін 5 мыңнан астам мұғалімдерді даярлау қажет (жылына 840).

Жақын арадағы 15 жылда Қазақстанда потенциалды талапкерлер санының өсуі күтіледі. 2022 жылы олардың саны 57 мыңға, ал 2031 жылы 180 мың адамға жетеді. Бұл жастардың сапалы отандық жоғары білім алуға деген қолжетімділік мәселесін ушықтырады.

Әлемдік астаналардың көпшілігі студенттік халықтың орта үлесімен 10 % (Астанада – 5 %) бір мезгілде олардың студенттік астаналары да болып табылады.

Астананың 9 ЖОО-сы тар шеңберде мамандандырылған, ал 6 кішігірім жеке меншік ЖОО-да орта есеппен 1,5 мың студент оқитын болғандықтан, 17 ЖОО-ның академиялық қуаты оның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды және Астана қаласында тек екі көп бейінді ЖОО Назарбаев университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғана мамандарды даярлауды жүзеге асыруда.

Осылайша, ҚР-ның жоғары біліммен қамту бойынша бәсекеге қабілеттілік жаһандық көрсеткішінде құлдырауы, астанада жастар саны мен талапкерлердің өсуі, қазақстандық студенттердің шет елдерде білім алуға деген сұраныстары Астана қаласынан әлемдік ЖОО-ларымен әріптестік қатысында заманауи халықаралық университет құруға себеп болды.

 

«Астана» халықаралық университеті (AIU) 2018 жылы 21 сәуірде құрылды.

AIU 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап биология, физика, химия, АКТ-ны ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттары бойынша ағылшын тілінде оқыту үшін 200 магистр-педагогты даярлау жұмысын бастады.

М.В.Ломоносов атындагы ММУ Қазақстандық филиалымен серіктестікте үшінші модернизация мен Қазақстанды сандық жүйеге көшіру міндеттерін есепке ала отырып, әкімшіліктің нақты сұраныстарына бейімделген жергілікті экономика, экология мен табиғатты пайдалану бойынша магистрлік бағдарламалар ұйымдастырылды.

 

AIU ҚР Білім және ғылым министрлігі, Сүлейман Демирел университеті, «Білім инновация лицейі», Астана қаласы гуманитарлық колледжімен бірлесіп бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие және т.б. мұғалімдерін даярлауды жоспарлап отыр.

AIU турал жалпы мәліметтеры

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС КОНТАКТІЛЕРІМІЗ

Қазақстан, Нур-Султан қ.,

Қабанбай батыр даң. 8

Телефон: +7 (7172) 24-04-03

info@aiu.kz

+7-(747)-675-87-86

РЕКВИЗИТ

ТОО Международный университет Астана

Счет KZ45914012203KZ009EG в ДБ АО "Сбербанк"

БИН 180440034965

БИК SABRKZKA

Кбе 17

Адрес: г. Нур-Султан,

проспект Кабанбай батыр №8

Президент: Ирсалиев Серик Азтаевич

ҚҰРАЛДАР

Әлеуметтік желілер

  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28
  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28.45