Қашықтықтан оқыту: Жаратылыстану жоғары мектебінің тәжірибесі

     2020 жылдың 23 сәуірінде Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушылары Абай атындағы ҚазҰПУ және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бірлесіп ұйымдастырған «Жаратылыстану пәндерінен зертханалық сабақтарды қашықтықтан оқыту форматында өткізу» тақырыбындағы оқу-әдістемелік вебинарға қатысты.

     Вебинарда Ресей және Қазақстан жоғары оқу орындарының оқытушылары қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыру, атап айтқанда, химиялық және биологиялық пәндер бойынша зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу тәжірибелерімен алмасты.

     Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейткан А.С. «Химиядан зертханалық жұмыстарды жүргізуде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама жасады. «Биология» мамандығының 1 курс студенттеріне Ботаника пәнінен «Еріндігүлділер» тақырыбында онлайн-дәріс өткізу тәжірибесімен доцент Н.Ш.Карипбаева бөлісті. Қатысушылар вебинар тақырыбының өзектілігін және оқытушылар үшін қазіргі жағдайда жоғары практикалық маңызын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ағымдағы, аралық бақылаулар және қорытынды мемлекеттік аттестаттау бойынша білім алушылармен онлайн кездесу
Американың химиялық қоғамының (ACS) «OMEGA» ғылыми журналында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, PhD Сейтқан Айнұр Сейтқанкызының темір диарсенидінің термиялық өзгерісін зерттеу бойынша мақаласы жарияланды.
Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілеріне, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне
Қашықтықтан оқыту: Жаратылыстану жоғары мектебінің тәжірибесі

НАШИ КОНТАКТЫ

Казахстан, г. Нур-Султан,

проспект Кабанбай батыр 8

Телефон: +7 (7172) 24-04-03

info@aiu.kz

+7-(747)-675-87-86

РЕКВИЗИТЫ

ТОО Международный университет Астана

Счет KZ45914012203KZ009EG в ДБ АО "Сбербанк"

БИН 180440034965

БИК SABRKZKA

Кбе 17

Адрес: г. Нур-Султан,

проспект Кабанбай батыр №8

Президент: Ирсалиев Серик Азтаевич

ИНСТРУМЕНТЫ

СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ

  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28
  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28.45