29 қараша мен 4 желтоқсан 2025 аралығында ЖТН
AP29194469 «Мүгедектігі бар адамдарды еңбек нарығына интеграциялау: еңбек
бейімделуінің кешенді моделін әзірлеу» ғылыми жобасы шеңберінде шетелдік
тәжірибені зерделеу мақсатында Әзербайжан Республикасына іс-сапар жүзеге
асырылды. Іс-сапар барысында ғылыми қызметкерлер Окутаева С.Т. және Аскеров
Э.Х. Әзербайжанда кәсіпкерлікті дамытуға жауапты мемлекеттік ұйым - KOBIA-да
бірқатар кездесулер өткізді. Аталған ұйымның басшысы - Орхан Нейматрагим оғлы
Мамедов. Сонымен қатар ғылыми жобаның орындаушылары инклюзивті еңбек
тәжірибесімен танымал «Kashalata» кафесіне барып, онда менталдық ерекшеліктері
бар жастардың жұмыспен қамтылуымен танысты. Кафе негізін қалаушысы біздің
қызметкерлерге сұхбат беріп, мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізудегі
тәжірибесімен және еңбек бейімделуінің негізгі қиындықтары мен ерекшеліктерімен
бөлісті.
Баку қаласында мүгедектігі бар әйелдерді жұмыспен
қамтатын кейтеринг компаниясының негізін қалаушы Сара Раджабли ханымнан да
сұхбат алынды. Іс-сапар барысында зерттеушілер тобы «Independent Living Center
for People with Disabilities» ұйымының басшысы Айдын Халилов мырзамен де
кездесті.
Әзербайжанның тәжірибесі Қазақстанда мүгедектігі бар
адамдардың еңбек бейімделу бағдарламасын әзірлеу үшін аса құнды және
практикалық тұрғыдан маңызды.
