АТжИЖМ студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиадада III орын иеленді

2024 ж. 26 сәу., жм, 04:00

2024 жылғы 25-26 сәуірде Торайғыров университеті базасында (Павлодар)  6B061 ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дайындау бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерді дамыту және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру, жоғары зияткерлік әлеуетті қалыптастыру, заманауи ғылыми міндеттерді шешуге белсенді тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты ынталандыру.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 28-ден астам команда АКТ саласындағы білімдері мен дағдыларын сынау үшін жиналды.

Олимпиада екі кезеңді жарысты қамтыды. Бірінші кезеңде АКТ-ның негізгі салаларындағы қатысушылардың білімін тексеру мақсатында, мәліметтер қоры мен компьютерлік желілер пәндері бойынша текстке арналды. Екінші кезеңде қатысушылар бағдарламалау бойынша үш есеп шығарды, бұл олардан терең білім мен шығармашылық ойлауды қажет етті.

Астана Халықаралық университетінің атынан қатысқан AIU командасы: Қызайнбек Ай-Керім, Марат Жанель және Ережеп Бекарыс, АТжИЖМ аға оқытушысы Қалдарова Мираның жетекшілігімен жалпы есепте үшінші орынды иеленді, жарыс бойы жақсы дайындық пен техникалық дағдыларын көрсетті.

Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!


300