2024 жылғы 17 сәуірде Жоғары экономика мектебі ұйымдастырған «Kazakhmarket challenge» маркетингі бойынша І ЖОО аралық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиадаға қатысуға Қарағанды, Павлодар, Шымкент және Тараз қалаларынан 6 өтінім келіп түсті. Сарапшылар ретінде халықаралық дәрежедегі бизнес-жаттықтырушы, қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер М. Аматов; Тұрсымбаева М. Ж. «Маркетинг» ББ жетекшісі, Esil университетінің профессоры, Қадырова Г. Ә., э.ғ.к., ЭЖМ доценті. Сараптамалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша мына жұмыстар үздік деп танылды:
• 1 орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің командасы
• 2 орын - Astana International University командасы және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық инновация институты
• 3 орын - Karaganda Research University (академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің командасы.
Қатысушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі жеңімпаздарға сертификаттар мен дипломдар алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Қатысушыларға оқуда және кәсіби қызметінде табыс тілейміз! Сарапшыларға, қазылар алқасының мүшелеріне ынтымақтастығы және олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалағаны үшін алғыс айтамыз.