Астана халықаралық университетінде «ҮЕҰ академиясы» жобасы аясында ҮЕҰ өкілдері мен әлеуметтік кәсіпкерлер оқып, «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде жоба сарапшыларынан кеңес алды. Бизнес- тренерлер Эмин Әскеров пен Арман Ақбердиев тыңдаушыларға әлеуметтік бизнесті жүргізудің қаржылық аспектілері туралы айтып берді.
Мектептің ең үздік қатысушылары 2024 жылдың 24 мамырында өтетін Әлеуметтік идеялар байқауына шақырылады. ҮЕҰ академиясы жобасының веб- сайтындағы хабарландыруларды қадағалаңыз https://academy-ngo.kz/.