AIU астана жүрегінде

Білім беру бағдарламалары

...
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДОКТОРАНТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ

2024 ж. 17 мам., жм, 11:54

2023 жылдың қараша айынан басталып 2024 жылдың мамыр айы аралығында өткізілген Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі мен The World Bank бірігіп ұйымдастырған «Ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жетілдіру» атты тренингі өтті. Осы ірі жобаға  Құқық жоғары мектебінің докторанты Кожахметова Саулет Ғазизқызы қатысып 2024 ж. 14 мамырда Министрдің қолынан сертификат табысталды. 

Бұл Жобаның өткізілуі онлайн және офлайн нысанында 180 сағат көлемінде жүргізілді, оған еліміздің барлық өңірінен әр түрлі сала (ҰБТ пәні) бойынша 350 маман қатысты. 

Тренингтің басты мақсаты – тест тапсырмаларын халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді  тапсырма  әзірлеушілері мен сарапшыларды, сонымен қатар ҰТО қызметкерлерін үйрету болды.

Төрт ірі кезеңнен құралған Тренинг аясында әрбір пән бойынша мамандар тест тапсырмаларын әзірлеу мен талдауды, тестологиядағы озық әдістемелерді меңгерді. Жоба барысында шетелдік мықты мамандар - эксперттер және отандық сарапшылар тренинг жүргізді (Эмили Джонс, Иване Миндадзе, Давид Габелая, Кэтрин Паркс және т.б.).   

Ең күрделі кезеңі бұл соңғысы болды, тапсырмаларды бағалау мен психометриялық талдау жасауды үйрену. Әрбір маман тестология бағыты бойынша өзінің біліктілігін арттырып, жаңа кәсіби дағдылар қалыптастырды. 

Жалпы, тестология саласындағы біліктілікті арттыру кәсіби дағдыларды күшейтіп қана қоймай, ҰБТ және жалпы білім беру жүйесіне инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Осы ірі жобаның қорытындысы ретінде, келісімшарттың орындалуы туралы Ашық семинар өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің министрі Саясат Нурбек мырза, вице-министрлер және де Ginger-SOFRECO білім департаментінің директоры Хьюг Темпл-Бойер мырза, NFER бағалау маманы және жоба директоры Дженни Хсие ханым, ҰТО директоры Болатбек Абдрасилов мырза және т.б. қатысты.


CALL CENTER
+7 (7172) 47-66-77