Қырғызстанның
жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Ош мемлекеттік университетінде (Ош қ.)
2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық
бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды.
ОшМУ рейтингтері бойынша
QS World University
Rankings Asia 2025: 260 орын
QS World University
Rankings Central Asia 2025: 13 орын
Бағдарлама туралы:
- Оқу кезеңі:
2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі
- Оқу орны:
Ош қ., Қырғыз Республикасы
- Оқыту тілі:
орыс және ағылшын
Кімдер қатыса алады:
- Бакалавриат студенттері: 2–3 курс (СО
негізінде)
- Магистранттар: 1 курс
- Магистранттар (қысқы қабылдау): 2
курс
Қатысу талаптары:
- GPA:
4 балдық жүйе бойынша кемінде 3.3
- Тіл деңгейі:
орыс тілі – B2 және жоғары / ағылшын тілі – B2 және жоғары (IELTS немесе
TOEFL сертификаты болғаны құпталады)
Мотивациялық
хат:
орыс немесе ағылшын тілінде
Маңызды мерзімдер:
- Өтінім қабылдау мерзімі: 2025
жылғы 20 қазан – 20 қараша
- Сұхбат: 2025 жылғы 24 қараша
Өтінім беру тәртібі:
Төмендегі сілтеме арқылы тіркеліп, қажетті құжаттарды (мотивациялық хат,
IELTS/TOEFL сертификаты, транскрипт және т.б.) жүктеңіз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdI4sQLpE2KaDuuyBenoXwZzaMVpzRfVC5mrHx6vTYZQzoZVw/viewform?pli=1
Шетелде білім алып, үздік
университет тәжірибесін меңгеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
