Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Астана халықаралық
университетінің Құқық жоғары мектебінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында
студенттермен «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары»
тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - жастардың құқықтық мәдениетін
арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға деген құрмет сезімін
қалыптастыру болды.
Кездесуге құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандары
шақырылды:
Мұқаналиев Сұлтан Уристанбекұлы -
Теміртау қаласы Шығыс полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы;
Қабдраш Аман Маликович - ҚР ІІМ
Көліктегі полиция департаментінің жеке құрам бойынша аға инспекторы;
Әлімжанова Жансұлу Ғалымбекқызы -
ҚАЖД пробация қызметтерін басқару бөлімінің аға инспекторы.
Кездесу барысында студенттер
мамандармен ашық сұхбат жүргізіп, құқықтық сауаттылық пен қоғамдағы тәртіптің
маңызы туралы құнды ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жастардың заңға құрметпен
қарауын қалыптастырып, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.


