Астана халықаралық
университетінің Құқық жоғары мектебі студенттері құқық қорғау органдарының өкілдерімен «Заң және тәртіп»
қағидасы аясында кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты –
жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және
заңға деген құрметті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында келесі тақырыптар
талқыланды: «Заңды біл, өзіңді қорғай біл: дроперлік пен алаяқтықтың алдын
алу» «Нашақорлықтың алдын алу - қоғамның басты міндеті»
Кездесу студенттер үшін пайдалы
әрі әсерлі өтті. Қатысушылар өз құқықтарын қорғаудың және заңды сақтаудың
маңыздылығын терең түсінді.



