«History Time -2025» конференциясы университетте өтті

2025 ж. 13 қар., бс, 10:37

«History Time -2025» конференциясы университетте өтті

6 қараша күні Астана халықаралық университетінде Ph.D Сауле Туяққызы Дюсупованың жетекшілігімен «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің қолдауымен дәстүрлі «History Time - 2025» ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, тарихи танымдарын тереңдету және жас зерттеушілердің бастамаларына қолдау көрсету.

Конференция барысында қатысушылар өз зерттеу нәтижелерін ұсынып, тарихи деректер мен заманауи көзқарастар тұрғысынан талдау жасады. Шара студенттердің ғылыми әлеуетін арттырып, олардың кәсіби дамуына жаңа серпін берді.

 

Конференцияның қазылар алқасы:

  • Есен Сырым Ғадылбекұлы
  • Туякова Айжан Есенқұловна
  • Молдахмет Архад Айтжанұлы
  • Нышанбай Жанерке Нұрлыбекқызы
  • Дюсупова Сауле Туяковна

Конференция жеңімпаздары:

 I орын:

  • Тасқараев Дамир – 3 курс
  • Кошель Егор – 3 курс
  • Төлегенұлы Айбек – 3 курс

 II орын:

  • Зейнетаева Таңшолпан – 2 курс
  • Қажиетұлы Самғар – 2 курс
  • Мәлкаждар Ерсұлтан – 1 курс
  • Ғазымжан Бекнұр – 3 курс
  • Кисанов Шалқар – 3 курс

 III орын:

  • Толегенов Мирас – 3 курс
  • Ниязбекова Айдана – 1 курс
  • Өмірбек Айым – 2 курс
  • Жұмамұрад Ерболат – 2 курс

Жеңімпаздарды ПИ директорының орынбасары Каримова Гулим Сайлаубековна марапаттады .
Әр қатысушыға университет атынан алғыс хат берілді.

Барлық қатысушыларды және әсіресе конференция жеңімпаздарын құттықтаймыз!


374