Қазақстан Республикасы Ғылым және
жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ғылыми жоба
(ИРН AP26100031 «Халықаралық
медиация хабы – қақтығыстарды бейбіт реттеу мен ядролық қарусызданудың құралы:
Қазақстан және шетелдік елдердің тәжірибесі») аясында зерттеу тобының мүшелері
2025 жылғы 10–11 қарашада Брюссель қаласында өткен таратпау және қарусыздану
жөніндегі 14-ші Еуропалық конференцияға (EU Non-Proliferation and Disarmament
Conference) онлайн форматта қатысты.
Онлайн форматта конференцияға
келесі зерттеушілер қатысты:
Саймова Шолпан Алтынбекқызы,
Болат Әлібек Алмазұлы, Иржанов Алимжан Сәмігұллаұлы, Чингаева Бахтыгүл
Кененсарықызы, Панов Сұлтан Қуанғалиұлы, Рамазанова Назым Әкімқазықызы.
Аталған іс-шара қазақстандық
ғалымдарға заманауи талдамалық ақпарат алуға және қару-жарақты бақылау,
таратпау және ядролық қарусыздану салаларындағы жетекші халықаралық
сарапшылармен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді. Ашық және мазмұнды
пікірталас форматы қатысушыларға жаһандық қауіпсіздік архитектурасын нығайту
жолдарын талқылауға жағдай жасады.
Конференция барысында Еуропалық
Одақтың Стратегиялық компасын (EU Strategic Compass) іске асыру және таратпау
режимдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу
мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапынан онлайн
форматта қатысу өзекті сараптамалық ақпаратқа қол жеткізуге және қару-жарақты
бақылау мен қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу саласындағы саясатты
қалыптастыруға ықпал ететін еуропалық және халықаралық сараптамалық
орталықтармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.
Конференция материалдары мен
сараптамалық тұжырымдар талдамалық есептерді, халықаралық рецензияланатын
журналдарда жарияланатын ғылыми мақалаларды және практикалық ұсынымдарды
дайындау кезінде пайдаланылатын болады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның таратпау
және халықаралық ынтымақтастық саласындағы академиялық және
ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
