Онлайн форматта «Қақтығыстарды бейбіт реттеу және ядролық қарусыздандыру құралы ретінде халықаралық медиация хабы» жобасы бойынша жұмыс кеңесі өтті

2025 ж. 20 қар., бс, 12:19

2025 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан № AP 26100031 «Қақтығыстарды бейбіт реттеу және ядролық қарусыздандыру құралы ретінде халықаралық медиация хабы: Қазақстан және шетел елдерінің тәжірибесі» ғылыми жобасының қатысушыларының кезекті жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу онлайн форматта өткізілді және кәсіби медиаторлар, құқықтанушы ғалымдар, қақтығыстанушылар, зерттеушілер мен қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары қатарындағы 11 жетекші маманды біріктірді. Қатысушылар зерттеудің ағымдағы нәтижелерін талқылап, өзара ғылыми пікір алмасты және жобаның одан әрі жүзеге асырылуына қатысты негізгі бағыттарды айқындады.

Жұмыс кеңесі қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің халықаралық тәжірибесін интеграциялауға және Қазақстанның медиация мен ядролық қарусыздандыру саласындағы әлеуетін нығайтуға бағытталған ғылыми зерттеудің жоғары өзектілігін көрсетті. Қатысушылар ғылыми-әдістемелік базаны дамыту, медиация тетіктерін жетілдіру және салалар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті.

 


995