Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «B052 – Жер туралы ғылым» бағыты бойынша оқитын студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы

2025 ж. 21 қар., жм, 12:34


       Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жаратылыстану ғылымдары факультеті 2025 жылдың 18-19 қараша күндері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «B052 - Жер туралы ғылым» бағыты бойынша оқитын студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өткізді.

        Пәндік олимпиаданың мақсаты- дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және олардың тұлғалық интеллектуалдық капиталының қалыптасуына ықпал етіп, жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру.

    Пәндік олимпиадаға Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Рекреациялық география және туризм» ОББ, 2-курс студенттері  Ғазизов Батырхан, Асқаров Ағатай, Амиров Арман қатысты. Ғылыми Жетекші: б.ғ.к, аға оқытушы Ауезова Нұрқұйған Сражадинқызы.

          «B052 Жер туралы ғылым» бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада қатысушыларымыз  3 тур бойынша тәжірибелік және қолданбалы тапсырмалар кезеңінде өз білімдері мен кәсіби дағдыларын көрсете білді. Студенттер географиялық талдау, картамен жұмыс, деректерді интерпретациялау және нақты жағдайға негізделген ғылыми шешім ұсыну сияқты міндеттерді орындады.

          Қорытынды кезең нәтижесі бойынша қатысушыларымыз өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, «Үздік командалық рух» номинациясы   дипломымен марапатталды.

 


1038