AIU-дың Педагогикалық институтында «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру
бағдарламасының 2-курс магистранттарының ағылшын тілін оқытудағы жасанды
интеллект технологияларын интеграциялауға арналған ғылыми семинары өтті.
Іс-шара шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушылары А.И. Сарсенбаева мен
Д.Б. Кайкенованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Семинар
барысында қатысушылар ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект технологияларын
қолданудың мүмкіндіктері мен қиындықтарын қарастырды. АИ
құралдарын тілдік дағдыларды дамытуға, оқытуды жекешелендіруге, студенттердің
сыни ойлауын және цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға пайдалану перспективасы
талқыланды.
Білім беруде жасанды
интеллектіні қолданудың этикалық қырларына, академиялық адалдық мәселелеріне,
сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында оқытушының рөліне ерекше назар
аударылды. Магистранттар өз зерттеулерін және жасанды интеллект сервистерін
ағылшын тілі сабақтарына интеграциялау бойынша практикалық мысалдарын ұсынды.
Іс-шара аясында білім
беру үдерісінде жасанды интеллектіні пайдаланудың артықшылықтары мен
кемшіліктерін талқылаған студенттік дебат өтті. Дебат ағылшын тілінде
аргументация, көпшілік алдында сөйлеу және ғылыми пікірталас дағдыларын
дамытуға ықпал етті.
Ғылыми семинардың
өткізілуі магистранттарға кәсіби және зерттеушілік құзыреттерінің қалыптасқанын
көрсетуге, лингводидактикадағы заманауи үрдістерді тереңірек түсінуге және
AIU-да шетел тілдерін оқытуға цифрлық технологияларды интеграциялаудың әрі
қарайғы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

